Оның [мұның] есесіне

lat: Onyń [munyń] esesine

Оның орнына.

Шет тілі болмаса, конспектісін көп қарамайды, оның есесіне оқытушы көрсетіп берген көмекші құралдарды оқиды (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.).

Оның есесіне мыңдаған пұт шөп шабылмай қалды (Ж.Тілеков, Қайнар).

Мұның есесіне құстың қауырсыны сәтті шыққаны қандай қуанышты (Бейбітшілік.).